“Латвияның қара тізімінде тұр”. Хит әндердің орындаушысы Jazdauren-ге Латвияның есігі жабық

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
2586

«Дарите женщинам цветы» деп әндеткен әншіге Латвияның сыртқы істер министрі елге кіруге тыйым салды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 

Бұл туралы министр Байба Браже X әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, 20 жастағы Абаевқа «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға кіруге мерзімсіз тыйым салынды.

Заңның бұл бабында, егер құзыретті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді немесе Латвияға кірген кезде құқық қорғау органдарының қылмысты ашу жөніндегі жұмысына кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауына негіз болса, шетелдікті «қара тізімге» енгізуге болады делінген.

Айта кетейік, жас әнші Даугавпилстегі концертте өнер көрсетуі керек болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...