«Көп жылдар бойы адасу болды»: Дастан Оразбеков жан сырын ақтарды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
456

Атақты "Орда" тобының солисті Дастан Оразбеков өміріндегі ауыр кезеңді есіне алды, деп хабарлады Маdeniportal.kz.

Өнер иесі “Сырласу” бағдарламасында қонақ болды. 

“Анамды жүріс-тұрысыммен ренжіткен кездер болды. Анама қарсы шыққан жоқпын. Бірақ өтірік айтып, ренжіткен кездерім болды. Сол кезде анам "менің төрт балам бар, үшеуі үшін уайымдайтынмын, сен үшін уайымдамадым. Қазір 24 сағат сені ғана ойлаймын" деген еді", – деді әнші. 

Осыдан бес жыл бұрын қатты адасып, өмірден бас кешкенін де айтып берді. 

“2020 жылды еске түсіргім келмейді. Жаман өмірге салынып, адасып жүрген кезім еді. Тура менің басымнан кешкен дүниені қазір көп жас өткізіп жатыр. Ол жылдарға созылған адасу болды. Бірақ мен ол туралы қазір ашық айтуға дайын емеспін. Сол кезде анама ауыр болғанын түсіндім", – дейді Дастан Оразбеков.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызын бөлшектеген Виктор 10жылдан кейін бостандыққа шықты,  деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Вл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Полиция дерегінш...