Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлады made...
“Мен бәрін жеккөрдім”. Актриса Фариза Ескермес тойынан кейін не үшін жылағанын айтты
Фото: видеодан скриншот
Актриса Фариза Ескермес подкаста түсірілім кезіндегі қателігі туралы айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
“Qarapaiym” подкастында Бажа сериалының түсірілім уақытында болған қызық оқиғасын айту барысында, Фариза Ескермес бір уақытта барлығын жеккөріп кеткенін, кейін өзінің қателігін түсінгенін жеткізді.
Актрисаның айтуынша, ол бір мезетке 3 түрлі жоба алып, салдарынан бірінші келіскен жобаның түсіріліміне бара алмай, күттіріп, бәрін ренжітіп алған. Сол уақыт өнер иесінің тұрмысқа шыққан сәтімен тұспа-тұс келген екен. Содан кейін, барлығынан шаршаған актриса “Менің кінәм не?” деп жылап алғанын жасырмады.
“Үйге келдім де жыладым. Я всех ненавидела. Мен “менің кінәм неде?” деп ойлалым. Мен біріншіден ауырып қалдым, екіншіден нақты уақыттарын айтқан жоқ. Неше түрлі нәрсе болып кетті”, - деді Фариза Ескермес.
Дегенмен, Фариза Ескермес өзінің қателігін де түсініп барлығынан кешірім сұрағанын да айтып өтті.
“Келесі күні күшті болып қалдым. Мен өзімнің қателігімді түсіндім. Бәріне қоңырау шалып, түсірілім алаңына келіп, кешірім сұрадым”, - дейді актриса.
Өнер иесінің айтуынша, осындай жағдайлардың салдарынан, 20 күнде түсіріліп бітуі қажет болған жоба екі жарым ай түсіріліпті.