Зарина Омарова: “Бірінші әкемнің аты жүретініне кішкене намыстанатынмын”

Фото: сұхбаттан скриншот

Шоу-бизнес
639

Әнші Зарина Омарова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында өнер жолын қалай бастағанын айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова алғашында осылай айтқанға қуанғанымен, кейін өзінің жеке әнші екенін, неге олай қабылдамайтынын ойлап намыстанған кездері болғанын ашық айтты.

“Басында Марат Омаровтың қызы деп бірінші әкемнің аты жүретін. Мен оған кейін намыстанатынмын кішкене. “Мен де әншімін ғой” деп. Басында мақтанатынмын әрине. Қазір де мақтана аламын. Бірақ, соның баласы болғаннан кейін бізге екі есе күш артады. Себебі сен екі есе өзіңді дәлелдеуің керек. Әкеңнің арқасында емес, нағыз өзіңнің даусың бар екенін, жанды дауыста кез-келген жерде ән айта салу керек екенін дәлелдеуің керек болды”, - дейді әнші. 

Әнші алғашында тапқан табысына құрбыларына киім мен түрлі сыйлықтар сыйлап, тамақтандырып жүргенін, бәрі бір мещетте болғанда түсінбей қалғанын да жасырмады.

“Барлығы бір мезгілде құйылып кетті. Ақша, көрерменнің сүйіспеншілігі, махаббаты. Мен өзім де кішкентай болдым, түсінбей қалдым. Енді мектеп бітіріп жаттым. Бүкіл жанымдағы құрбыларымды киіндіріп, соларды тамақтандырып жүретінмін. Туған күндеріне техника алып беріп жүретінмін”, - деп күліп еске алды Зарина Омарова. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...