Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ....
“Менен өте ұят тірлік болды”: Нысананың актері Дәнекер Оразбайдың әрекеті сынға қалды
Фото: видеодан скриншот
Танымал актер Дәнекер Оразбай әкелерге арнап әрі өз қателігін түсініп видео жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі түнде шаршап келген соң баласының үстіндегі көрпені тартып алып, өзі жамылып ұйықтап қалғанын айтып, бұл әрекетіне ұялғанын жеткізді.
«Кеше түнде менен өте ұят тірлік болды. Қайын жұрттан көлік айдап келдім, шаршадым, үстіне тісім ауырды. Түнде тоңып оянып кетсем, аяғымның жағында екінші ұлым Таңнұры ұйықтап жатыр екен. Үстінде көрпесі бар. Әкемін ғой деп ұялмай, баламның көрпесін тартып алып, өзім жамылып ұйықтап қалыппын. Таңертең тұрсам, балам дивандағы жайманың ішіне кіріп алыпты. Сонда мен қандай әкемін?» – деді актер.
Дәнекер Оразбай бұл жағдайды әзілге айналдырып, өзге әкелерді балалардың жағдайына мұқият болуға шақырды.
«Ондайдан Құдай сақтасын. Үйтіп жүрмеңіздер», – деді ол.
Актердің әзілі желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Оқырмандардың бірі оны әзілмен сынаса, енді бірі «Әкеде адам», «Ештеңе етпес» деп қолдау білдірді.
«Үйіңде плет жоқ па?», «Қалай ғана дәтің барды?», «Өте ұят тірлік болыпты», «Ештеңе етпес», «Балаңызда детский травма», «Еркектер өзін қатты ойлайды ғой», «Қарабет екенсің», – деп жазды көпшілік.