Алматыдағы Моттың концертінде бишілер неліктен сахнаға шықпай қойғаны белгілі болды

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
124

21 мамыр Алматыда өткен ресейлік әнші Моттың концертінде жанжал шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Белгілі хореограф әрі танымал әнші Калифарнияның жұбайы Анель Қалиева мен өзге де бишілердің айтуынша, бұл шудың шығуына ұйымдастырушылардың дөрекілігі мен менсінбеушілігі себеп болған. Сонымен қатар өнерпаздар әртістің көмекшілер мен менеджерлері тарапынан қатты қысым көріп, дөрекі сөз естігендерін айтады.

«Біздің команда Моттың концертінде билеу керек болған. Бірақ, біздің адамдарға сыйластық танытпайтынын байқап, билемейміз деп шештік» деп жазды Анель Қалиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол кез келген елге жұмыс істеуге келген адам сол жердегі адамдарға құрметпен қарауы керек деп есептейтінін айтады. Сонымен қатар биші бар мәселе ресейлік әншінің өзінде емес, оның командасында болуы мүмкін деп ойлайды. Ал, әншінің хореграфы жағдайды түсінудің орнына, мұндай мүмкіндік «іліуде-біреу болатынын» айтып, билеуді сұраған.⠀

Алайда даудың нақты неден шыққаны ашып айтылмағандықтан, желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Оқырмандардың бір тобы мән-жайды толық түсіндіруді талап етсе, екінші тарап бишілердің талабын қолдап отыр.

Әзірге Моттың өзі де, концертті ұйымдастырушылар да бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтаудағы «Қасиет» медицина орталығы облыстық мәслихат депутаты Ербол Айтуовның липосакц...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Трамп әкімшілігі жарты ғасырдан астам уақыт бойы қолданылып келген тәжірибені өзгертетінін мәлімдеді...