“Мінезіме қалай шыдап жүрсің?”: Блогер Sabirkin күйеуі туралы шындықты айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
744

Sabırlın есімімен танымал блогер әрі актриса Сабира Жарасқызы жолдасының мінезі туралы ашық айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сабиркиннің жұбайы блогер емес, бірақ блогерлердің жиындарында үнемі Сабираның жанында бірге жүреді. Блогерлермен жақсы таныс және араласады. Сабиркин өзінің влогында жұбайын жиі көрсетеді. Сондай контенттерге блогер жақсы пікірлер жинап, оқырмандарының қолдауын сезінеді. Желі қолданушылары бұл жұпты жақсы таниды және блогердің жұбайын "грин флаг" деп атайды. 

"Соңғы махаббат" фильмі аясындағы түсірілген жобада, танымал жұп бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады. Блогердің жұбайы "менің мінезіме қалай шыдап жүрсің" деген сұрақ қояды. 

"Шындығымды айтайын, Алмастың мінезі ауырлау. Сәл «red flag» деп те айтамын мен өзіне. Өзі де мойындайды. Мен осы сол ауыр мінезіне қарамастан жақсы көретін қасиеттері көп. Шынымды айтсам, мен Алмастың мінезіне үйреніп алдым . Мен үшін қазір ешқандай қиындық жоқ", - деп жауап берді Sabirkin. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...