«Сәлем салу жақсы тәрбиенің көрінісі емес»: Баян Алагөзова Дана Нұржігітке сұхбат берді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
337

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігіттің «My prime time» бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Баян Алагөзова өзінің туған жері Оралда ешкім сәлем салмайтынын айтты,

«Бізде Оралда сәлем бермейді. Оралдық қазақтар тұрып жатыр. Менің барлық өмірім сол жақта өтті. Әжемнің, анамның үлкендерге сәлем салғанын көрген жоқпын. Менің атам нағыз қазақы дәстүрді ұстанатын отбасы. Алайда мен де менің де отбасым сәлем салған емес. Маған да кішкентай кезімде ешкім айтқан. Мүмкін айтқанда басқаша болар ма еді», - деді Баян Алагөзова.

Белгілі продюсер сәлем беру асқан тәрбиелік көрінісі емес екенін айтты.

«Басқа жақта яғни шетелде сәлемді ер адамдар да береді. Сәлем салмай жақсы тәрбиелі болуға болады. Менің сыйластығым сәлем салумен есептелмейді. Ал басыңды иіп сәлем беру менің жаратылысымда жоқ. Сәлем салу жақсы тәрбиенің көрінісі емес. Кореяда тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да сәлем береді. Неге бізде басқаша?», - деді продюсер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ даласын әнмен тербеткен сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндері енді шетелдік платформаларда ойнатыла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Назгүл бен Құндыздың қамқоршысы Зүлфия Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады,...