«Бір үйдің ақшасы кетті»: Абай Бегейдің қызының жасауы көпшілік талқысына түсті

Сурет коллаж арқылы жасалынды

Шоу-бизнес
772

«Аспанға қараймын» хит әнінің орындаушысы Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбаттың құдалығы өтті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Ақтауға бас құда болып барған Абай Бегейдің үлкен қызы Гүлеркем Ниязқұлова жеке парақшасында қыз жасауының видеосын жариялады. Екі жақ бірдей туған-туыстарын алтынмен аптап, бағалы бұлғын тондармен алмасып жатты. 

«Қыз бергеннен келін алған оңай ма?» деп қалдық. Сағат таңғы 2:ОО. «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» деп әжелерім, жеңгелерім, достарымды шақырдық. Бәріміз жүкті тас тұйнақтай етіп жинап, дайындап қойдық. Сіз де қыз ұзатып, келін алып бүкіл жиған-тергеніңізді осындай қуанышты күнге шашыңыз. Қалың малсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды. Әне-міне дегенше бұл күнде келіп жетті. Жалпы қыздың жүгін 6 жастан жинаса асады, 7 жастан жинаса жетеді деген сөздің түпкі мағынасын енді түсініп жатырмыз», – деп жазды Гүлеркем Ниязқұлова.

Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қыз жасауын қызу талқылап жатыр.

«Ас та, төк ысырапшылдық екен», «Бір үйдің ақшасы кетті-ау. Ыдысының өзі миллион теңгеден асады», «Бізге де жұғысты болып, осылай жасау жинайық», – деп видеоны көрген желі қолданушылары.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...