Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус салдарынан орын алған қиын жағдайда он...
Мөлдір Мұқан Тұрсынбектен кешірім сұрауын талап етті
Фото: әлеуметтік желіден
Мөлдір Мұқанова экс-жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың әзілдеріне қатысты пікір білдіріп, одан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі әзілкештің сахнада Мөлдір Мұқанованың өмірі мен күнделікті тіршілігін әзілге қосып, сол арқылы табыс тапқанын жазған.
Бұған жауап берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуінің 15 жыл бойы өзін әзілдеріне арқау еткенін айтып, бұл жағдайға өкініш білдірді. Сондай-ақ ол әзілкештің әрекетін тек өзіне ғана емес, көпшілікке де қатысты мәселе деп бағалады.
«15 жыл бойы материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді де алдаған. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша тапқаны үшін қазақ елінен кешірім сұрауы керек-ау», – деп жазды ол.
Айта кетейік, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өнер әлемінде отбасылық өмірдегі қызықтар және әйел мен ер адамның қарым-қатынасы туралы жайттарды баяндап, әзілмен жеткізумен көрерменге жақсы таныс.