«Туған күніңізбен, анашым!»: Әли Оқапов Роза Рымбаеваны ерекше құттықтады

Фото: instagram.com/aliokapov

Шоу-бизнес
137

Қазақстандық әнші Әли Оқапов анасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында анасының немересімен түскен суретін жариялап, жылы лебізін білдірді.

«Туған күніңізбен, анашым!» – деп жазды Әли Оқапов.

Желі қолданушылары да құттықтауға қосылып, қазақ эстрадасының жарық жұлдызына ақ тілектерін арнады.

«Ұзақ әрі бақытты ғұмыр тілейміз!», «Деніңіз сау болып, барлық жақсылыққа кенеле беріңіз!», «Туған күніңізбен, Роза Қуанышқызы! Тыңдармандарыңызды әлі талай жыл қуанта беріңіз!» – деп жазды жанкүйерлері.

Айта кетейік, Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда дүниеге келген. Бүгін қазақ эстрадасының аңыз әншісі 69 жасқа толды.