“Мұрын астынан өлең айтатындар көбейіп кетті”: Баян Мақсатқызы әнші Тұрарды сынап алды

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
979

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "The Noice of Kazakhstan" жобасында жас әнші Тұрарды өзінің астарлы сынымен бір сынап алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол қатысушылардың біріне өзінің ой пікірімен бөліскен.

"Дикцияң, сөйлеген сөзің таза, акцентің өте жақсы. Түсінікті. Қазір мұрын астынан өлең айтатындар көбейіп кетті ғой. Мен ешкімді сүймемйін, ешкім ұнамайды деп. Не айтып, не сөйлеп жатқандары түсініксіз. Біз сияқты ескі адамдар үшін бұл өте маңызды", - деді Баян Мақсатқызы.

Әнші Тұрардың бұл пікірге ұялып, күлгенін байқауға болады. 

Ал желі қолданушылары керісінше продюсердің өзін сынап шықты.

"Кешьюдың керемет дикциясымен бірде-бір әнін білмейді екенмін", "Бағым екеуінің әдеті ғой біреуді сынау", "Бір-бірін мойындамайтындарды неге бір жерге жюри қылып отырғызады екен?", "Әпшеміз өзі өлең айта алатындай" - деп түрлі теріс пікірлер жазылуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...