«Музарт» тобының әншісі жансақтау бөліміне түсті (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
170

«МузАРТ» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты жансақтау бөліміне түскенін, кейін дәрігерлердің көмегімен палатаға ауыстырылғанын жазды.

«Бүгін Шымкентке ән кешіне баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп, @erensau.kz ұжымының көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым! @almat.yegizekov досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық», – деп жазды әнші.

Кенжебек Жанәбілов өзіне медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс айтып, оқырмандарынан дұғада болуды сұрады.

Әншінің қазіргі жағдайы туралы өзге мәлімет әзірге жарияланған жоқ.