Танымал актердің ұлы үйленіп, тойда әртістер Жар-жар айтты

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
152

Танымал актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Тұрыс шаңырақ көтерді. Жас жұбайлардың үйлену тойы ерекше форматта өтіп, театр әртістері дәстүрлі Жар-жарды өзіндік нақышта орындады. Сондай-ақ той қонақтарына түрлі сыйлықтар ойнатылып, кештің сәнін келтірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мағжан Тұрыстың қуанышты сәтінен түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады. Әсіресе театр әртістерінің Жар-жарды ерекше қойылым түрінде орындауы көпшіліктің назарын аударды. Өнер иелері қазақтың дәстүрлі әнін сахналық шеберлікпен ұштастырып, жас жұбайларға ақ тілектерін арнады.

Той барысында қонақтарға түрлі сыйлықтар да ойнатылған. Осылайша, отбасылық мереке өнер мен ұлттық дәстүр тоғысқан ерекше кешке айналды.

Бекжан Тұрыс туралы не белгілі?

Бекжан Тұрыс – қазақ театр және кино өнерінде өзіндік орны бар актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1965 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шошанай ауылында дүниеге келген.

1987 жылы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы театрда еңбек етіп келеді.

Өнер иесі көрерменге театр сахнасындағы рөлдерімен қатар, «Ұят болмасын» бағдарламасындағы Ақылбай ата бейнесі арқылы да жақсы таныс. Сондай-ақ «Сыған серенадасы», «Қожанасыр тірі екен» сынды қойылымдарда өнер көрсеткен.

Бекжан Тұрыс – Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Ол театр мен кино саласындағы еңбегі үшін бірнеше марапатқа ие болған. 

Мағжан – актер Бекжан Тұрыстың ұлы. Ол да өнер әлеміне жақын. Әкесімен бірге бұған дейін «Түнгі студия» бағдарламасына қатысқан. Сонымен қатар «Ұят болмасын» жобасы арқылы көрерменге танылған.

Осылайша, өнерлі әулет тағы бір қуанышты жаңалығымен көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып жатыр.

 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Айдана Меденова босану кезінде басынан өткен қиын сәттерді еске алды. Өнер иесі бұл т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны мойн...