Тағы бір танымал блогерге іздеу жарияланды

Фото: bet24.kz

Шоу-бизнес
820

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдары іздеп жатқан азамат – 26 жастағы Махмуд Хикматов. Оған іздеу жарияланғанына үш айдан астам уақыт болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған онлайн-казино платформасына ойыншылар тартумен айналысқан болуы мүмкін. Сонымен қатар аталған ойын платформасы әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың қатысуымен жарнамаланғаны айтылып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Хикматов блогерлермен байланыс орнатып, оларды онлайн-казиноны жарнамалауға тартуға ықпал еткен болуы мүмкін.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Блогердің Қазақстаннан тыс жерде жүргені белгілі. 

Шоу-бизнес

Шоумен әрі тележүргізуші Данияр Батырбаев әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындад, деп хабарлайды M...