«Даусы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың бейнесі жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

видеодан скрин

Шоу-бизнес
704

Танымал сатирик Уәлибек Әбдірайымовтың әлеуметтік желіде жарияланған жаңа видеосы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары өнер иесінің қатты арықтап кеткенін байқап, оның денсаулығына алаңдаушылық білдіріп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Democrat.kz жазды. Сатирик үй ауласындағы тас төсеніштерді тазалайтын компанияның қызметін жарнамалап, видео түсірген. Алайда оқырмандардың назары жарнамаға емес, Уәлибек Әбдірайымовтың сырт келбетіне аударылған.

Желі қолданушылары әртістің бұрынғыдан қатты жүдеп кеткенін, тіпті дауысында да өзгеріс барын жазған.

«Қатты азып кетіпті», «Ағамыз шөгіп, қартайып кетіпті», «Жүдеп кетіпті, даусы да басқаша», «Аман жүрсінші», «Тезірек сауығып кетіңіз», – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Кейбір оқырмандар сатириктің денсаулығына қатысты түрлі болжам да айтқан. Алайда Уәлибек Әбдірайымовтың денсаулық жағдайына қатысты ресми немесе өзінің расталған мәлімдемесі әзірге жарияланған жоқ. Сондықтан әлеуметтік желідегі диагнозға қатысты пікірлер тек қолданушылардың жорамалы екенін ескерген жөн.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Германияда қымбатшылыққа, білім саласындағы мәселелерге және міндетті әскери қызметті қайта енгізу ы...

Шоу-бизнес

Бұрынғы депутат, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы Ринат Зайыт айтыскер Мақсат Ахановқа қа...