«Қызымдай көрмеймін»: Айгүл Иманбаева келіні туралы ашық айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
721

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева келінімен қарым-қатынасы жайлы ашық айтып, отбасындағы ұстанымын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, келініне «дана, ғұлама» болып ақыл айтуға немесе жеке өміріне араласуға тырыспайды.⠀

«Келінім есейген, өз көзқарасы қалыптасқан адам. Ол осы жасына дейін өз тәрбиесін, білімін, өмірлік ұстанымын алып келді. Мен айтсам да, айтпасам да оны өзгерте алмаймын», – деді өнер иесі.

Айгүл Иманбаева келініне тек бір ғана өтініші бар екенін жеткізді. Ол дамуды тоқтатпау.

«Білім ал, өзіңді дамыт, алға ұмтыла бер. Себебі мен баламның қандай екенін жақсы білемін, ол да шетелде білім алған. Екеуі бірдей дамып, бір деңгейде, бір толқында болса деймін», – деді ол.

⠀Сондай-ақ әнші келініне басқа ешқандай талап қоймайтынын, тек жастардың өзара түсіністікпен, қатар өсіп-өркендегенін қалайтынын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...