Танымал блогер Айжан Байзақова тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы сөз етті, деп хабарлады madeni...
Олжас Абай көрерменге уәде берді
Фото: ЖИ
125
Актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында «Соңыра» фильміне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол туындыны жағымсыз хайп арқылы емес, жылы сезіммен таныстырғысы келетінін жеткізді.
Актердің айтуынша, әңгіме барысында адамға кейде бір ауыз жылы сөздің жетіспейтіні туралы ой түйген. Ол жаңа фильмнің көрерменге әсер ететініне сенімді екенін де жасырмады.
«Тілектес болған сіздерді жаман киномен ұятқа қалдырмаймыз, жан дүниеңізге міндетті түрде әсер қалдыратынына өз басым сенімдімін», – деп жазды Олжас Абай.
Өнер иесі бұл жолғы жарнамада негатив тудыратын әрекеттерге жүгінгісі келмейтінін атап өтті. Жазбасында фильмді көпшілікке махаббатпен, жақсы көңіл күймен ұсынуды көздеп отырғанын айтты.