8 наурыз күні аналарға арнап концерт берген Мақпал Жүнісова ән кешінде халықпен қалжыңдасып, барынша...
“Маған күйеу для галочки керек емес”. Ерке Есмахан оқырманына жауап берді
Фото: инстаграм парақшасынан
Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында оқырмандарынан келген сұрақтарға жауап берді. Ол бір арудың сұрағына ағынан жарылып, тұрмыс құрудың жай-жапсарын талқылады. деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ерке Есмаханға тыңдармандарының бірі төмендегідей сауал жолдап, пікірін білмекке ұмтылды:
«Ажырасқаннан кейін күйеуді қалай табуға болады? Сенудің өзі қиын».
Ерке Есмахан тыңдарманының сұрағына былайша жауап берді:
«Неге сенудің өзі қиын? Мен мысалға ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған күйеу для галочки керек емес еді. Маған мені түсінетін, аялайтын, қалай бар, солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме өзім сөз бердім. Аллаға шүкір, осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым.
Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз.
Тұрмыстамын немесе тұрмыста емеспін деген статус емес бастысы, бастысы бақытты болу», - деп жазды Ерке Есмахан.