Тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің шектен шыққ...
“Сені біреу ұнатады, сол сені алып қалады”: Шерхан Пірназар “балшының” айтқанына сеніп, әрекет еткенін айтты
Фото: видеодан скриншот
Актер Шерхан Пірназар бозбала шағында балшыға “пал” ашқызып, соның айтқанына қарай әрекет еткенін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Актер Анара Батырханға берген сұхбатында бозбала шағындағы естеліктерімен бөлісті. Ол пойызда болған қызық оқиғасын айтып, актеплікке қалай келгенін айтқан.
“Оқуға тапсыруға Ақұзақпен бірге бара жаттық. Пойызда бір әйел болды, Гүлжайна деген қызы болды. Алматыға оқуға алып келе жатыр екен. Бәріміз бір плацкартта жаттық. Мұғалімсіз бе? деп едім, “Иә мұғаліммін” деді. Қандай сабақтан бересіз? деп, шәйін қойып жүрмін. Сөйтіп, бәрі ұйықтап қалды да, екеуміз ғана шәй ішіп отырмыз. “Апа бағана айтпадыңыз ғой қандай пәннен мұғалімсіз?” деп ем, “Мен негізі кішкене пал ашамын” деді. 19 жастағы баласың, ашып беріңізші деймін ғой. Басында жоқ, жоқ деп, кейін “онда менің жағдайымды жаса, шәйімді әкел” деді. Жақсылап шәйін дайындап әкеліп бердім.“Әкеңнің аты кім? -Әуесхан.Алақаныңды берші. - Қолымды бердім.Енді, қарады да, оқып “Шерхан сен оқуға түсе алмайсың, сенің дайындығың, ештеңең жоқ, оқуға түсе алмайсың. Сені біреу ұнатады, сол сені алып қалады” деді ғой”.
Оқуға түсетін кезде грантқа балы жетпей, емші апайдың айтқанымен жүріп, өзін ұнатып қалды деп ойлаған адамды іздегенін, кейін грантқа түспесе де, Тұңғышбай Жаманқұлов өзі оқытамын деп алып қалғанын, 3-курста грантқа ауысып оқып шыққанын, актерлік жолына осылай келгенін Шерхан Пірназар кеше болған оқиғадай толқыныспен айтып берген.
Айта кетейік, Шерхан Пірназар бастапқыда әскери адам болғысы келген және өнерге мүлде қатысы болмаған екен.