“Мөлдір Әуелбекованы кешіре алмадым”: Баян Мақсатқызының сіңлісі әнгіге деген ренішін айтты

Фото: madeniportal.kz коллажы

Шоу-бизнес
1450

Танымал продюсер Баян Алагөзаның сіңлісі, музыкалық продюсер кімге реніші болғанын жасырмай айтып берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова журналист Аман Тасығанғаберген сұхбатында "КешYOU" тобының бұрынғы солистері тарапынан бірнеше рет көңілі қалғанын ашық айтты. 

Оның айтуынша, шоу-бизнес әлеміндегі реніш пен түсінбеушіліктер уақыт өте келе орнына келіп отырады, алайда кейбір жағдайлар жүректе ұзақ сақталады.

Продюсер әсіресе "КешYOU" тобының экс-мүшесі Мөлдір Әуелбекованың әрекеттерінен қатты көңілі қалғанын жеткізді.

Ең ұзақ уақыт бойы кешіре алмаған адамым — Мөлдір Әуелбекова. Топтан кеткенде әдемі қоштаса алмай, ренжітіп кетті. Кейін берген сұхбаттарында айтқан жалған, шындыққа жанаспайтын сөздері менің жанымды ауыртты. Ренжіп, жылаған да сәттерім болды. Кейде реніш жүректе тым ұзақ сақталып қалады екен, - деді Бағым Мұхитденова.

Дегенмен продюсердің айтуынша, арада біраз жылдар өткен соң, Мөлдір Әуелбекова өз қателігін түсініп, кешірім сұраған. Қазір араларында ешқандай реніш жоқ екен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...