Ләйлә Сұлтанқызы: "Оңайлықпен ешкім алдай алмайды"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
904

Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы адамның жас ерекшеліктеріне байланысты ой қозғап, қыз-келіншектермен сырласты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап. 

Медиа саласының өкілі замандастарына жігер беріп, қанша жасқа келсе де, мойымауға шақырды. 

“Баяғыда біреу: “40+ деген өзі бір қызық жас екен. Ойнап-күлейін десең, жас емес сияқтысың, бала табайын десең кеш, немере бағайын десең әлі ерте сияқты. Не істейміз өзі?”, – депті. Бірақ байқайсыз ба, бұл жаста сізді оңайлықпен ешкім алдай алмайды. Төркінге емін-еркін бара аласыз. “Апай, өтіңіз, отырыңыз” деп жастар орын береді. Айта берсең, ұтар тұсымыз көп. Сондықтан қыздар, тек алға! Мойымаймыз!”, – деп жазды тележурналист. 

Журналистің оқырмандары түрлі пікір білдіріп, жас кездерін есіне алып жатыр. 

“Менің де жолдасым мезгілсіз дүниеден өтті. Орта жаста қалып қойғасын, емін-еркін жүре алмаймыз”, “Әйелдерге арнап курс ашып, тренинг жүргізіңіз”, “Ғашық болайық десек кәрі сияқтымыз, өлейін десең жас сияқтысың”, “40 жасқа келіп, қыз туып отырмын”, “Ең маңыздысы – өзіңді жоғалтпау”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Жаңалықтар

Ташкент қаласының Янгихает ауданында ер адам әйелін 25 рет пышақтады, деп хабарлайды madeniportal.kz...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде жақсы танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та Ақ үй...