«Қай баласын далаға тастапты?»: Тұрсынбектің екінші әйелі сұмдық мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
499

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман желідегі парақшасында сұмдық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол өзін сынағандарды орнына қойып, хейттарға жауап жазған. 

"Қазір қайтсем де елдің көзіне түссем екен деп, аға буын, іні-бала буын, өнер, бизнес, үкімет болсын кім болса сол тек Қабатов деген брендті тілдеріне тиек етіп алған. Әрине СТАТИСТИКА бойынша ең көп қаралым алып отырған Қазақ-Орыс тілді,6 мемлекеттің адамдары екен. Соң пайдаланылып соц-сетьде не болса соны жазып дамытар, өсек,қаралау, ойларына не келсе соны жазып отырғандар өте көп. Елде Заңды бұзып соған қарсы шығып бір бүлік шығарғандай, Әлемде жалғыз Тұрсынбек пе ажырасқан? Қай баласын далаға тастапты? Қай баласын қараусыз,аш қалдырыпты? Сіздер талқылаптын әңгіме емес. Жеке өмір сол ҮШІН ЖЕКЕ деп аталады. Әр үйде бір әр адам бар тағдыры ұқсас. Өмір сүріңіз!?! Әсіресе Өнерде бірге жүріп Қабатов деген брендтің құлағанын күтіп жүрген жандар КӨПСІЗДЕР. Бірақ Алланың басына берген бағын, Алланың маңдайына берген Өнерін ешкім де Ешқашан тартып ала алмайды. Осы уақытқа дейін Қазақтың кетпейтін, өзімен жетектіп,99% сол орындап жатқандығы да өтірік емес. Азғантай өмірде өзгенің емес Өзіңнің осы уақытқа дейін не пайдалы тиді, Не жасадым деп ойланып әрекет ететін Заман", - деп жазды ол. 

Алайда көпшілікке Айманның бұл ақылды сөздері жақпай қалды. 

"Басқа-басқа сен ақылды болмай-ақ қойшы. Тұрсынбек сенің кесіріңнен ажырасты. Екі жастың ортасына түскен шайтан болып тұрсың", "Өтірік иман болмашы 5 баланы әкесінен айырып", "Қатты ақылды болсаң, неге отбасылы еркекпен жүрдің?", "Кезінде әйелі болатұра бірге тұрып, бала туған сенде намыс жоқ па?", "Айрандай ұйып отырған отбасыны бұзған адам екі дүниеде де оңбайды", "Әрқашан бірдеңені дәлелдегіңіз келіп жүреді", "Хейтқа мән бермесең бәрін блокқа салмайтын едің", - деп жазды желі қолданушылары.  

СПОРТ

Алматы қаласында маусымның ең көп күткен матчтарының бірі — Қайрат пен Астана командалары арас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түн ортасында болған жастар арасындағы жанжал тұрғындардың...