«Қанша қатын алдың, біреуін туғыза алмадың»: Жахан жанын жаралаған пікірдің иесі үшін кешірім сұраған

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
724

Танымал актер Жахан Отарғалиев жүрегіне ең қатты тиген ауыр сөзбен сұхбатта бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әке бола алмай жүргеніне ұзақ уақыт болса да, Құдайдан үміті бар екенін айтып, бұл тақырыпқа қатысты ең қатты жүрегін жаралаған сөз “Қанша қатын алсаңда тудырта алмадың ғой”,- деген сөз екенін жеткізді. 

Оразада Меккеге барғанында өзіне ауыр тиген пікірді жазған адам үшін кешірім сұрағанын айтты. 

"Раббым, ол адам менің жағдайымды білмей айтқан шығар кешірші. Кешірші ол адамды. Ұрпағына зияны тиіп кетпесінші деп тіледім. Бір-бірімізбен дүние үшін, басқа болмашы заттар үшін қырылып жатамыз. Оның не керегі бар? Бір-бірімізге сәл болсын мейірімді болайықшы", - деді әзілкеш.  

Без категории

Сәуір айының 8–10 аралығында Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры...

ТЕАТР

Көкшетаудағы Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры соңғы бір айда екі жаңа пре...