«Қатты кетіп жатады»: Төреғали Төреәлінің анасы жұбайымен ара-қатынасы жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
799

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің анасы Аягөз Төлепова қызы Фаризаға сұхбат беріп, өнерлі шаңырақтың тұрмыстық тынысы жайлы ашық айтты, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Сұхбат барысында ол әр үйде кездесетін келеңсіз сәттер туралы ойымен бөлісті.

"Егер бір күн ұрыс болса, оның кесірі қырық күнге созылады дейді. Сондықтан жанжалдан қашып, жағдайды ушықтырмауға тырысу керек, әсіресе әйел адам. Біздің отбасымызда мысалы, күйеуім ашуланып жатса, мен үндемей қалуға тырысамын. Үнемі мінсіз, тату өмір сүріп жатырмыз деп айта алмаймын. Мұндай жайттар әр отбасында болады. Бұл өзіңді төмендету емес, керісінше отбасының қадірін білу. Жас келіндерге айтатыным — отбасылық өмірде кішігірім жанжалдар болмай тұрмайды. 'Қазан-ошақ сылдырламай тұрмайды' деген сөз бекер емес. Күйеулерің ашуланса, бірден жауап қатпай, біраз үнсіз отырған дұрыс. 10-15 минуттан кейін бәрі сабасына түседі, сонда ғана дұрыс шешім табуға болады", – деп ой бөлісті Аягөз Төлепова.

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...