“Журналистер шу шығарды”: Желіде актер Шәріп Серіктің әлдекімге жазған аудиожазбасы тарады

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
1237

“Журналистер шу шығарды”: Желіде актер Шәріп Серіктің әлдекімге жазған аудиожазбасы тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Qazaq Today-ге сілтеме жасап. 

Аудиода Шакенти журналистерді кінәлап, оқиғаның қалай болғанын айтып берген. 

«Бізге Шакентидің «бәрі қалай болғанын» өзі айтып берген дауыстық хабарламасының қызықты жазбасы келді. Оның түйіні мынадай: «Ол анама бірнеше рет дөрекі сөйлеп, қайтарып тастады, мен шыдай алмадым. Біздің оңбаған журналистер шу шығарды. Полиция қайта-қайта хабарласып, шақырып жатыр». Адамдар қобалжу кезінде өз эмоцияларын ұстауға дағдыланбағаны анық, бірақ бұл ақталу ма? Неліктен бір нәрсе бақылаудан шыққан сайын, оны тудырғандар емес, сол кездегі жағдай кінәлі болып қалады», — деп жазды qirtosek инстаграм парақшасы. 

Осы тұста желі қолданушылары аталмыш аудиоға қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі актерды кінәласа, енді бірі аудионың жасанды интеллект арқылы жасалғанын жазуда. 

«Шешең де оңбай тұр-ау», «Достары таратып жіберген сияқты», «Жасанды интеллект», «Әлсіз еркектерде үнемі әйел кінәлі болады», «Бұл ұруға болады дегенді білдірмейді», деп жазды олар. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...