“Басында «мама» деп айтуға қиналдым”: Мереке Қалбаева отбасылық өміріндегі қиындықтарын айтты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
861

Белгілі блогер Мереке Қалбаева келін болып түскенде алғашқыда жаңа әулетке бейімделу қиын болғанын жасырмады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мереке Қалбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында тұрмысқа шыққан алғашқы жылдарынеске алды.

«Тұрмысқа шыққалы енеммен бірге тұрған жоқпыз. Бірақ түсініспеушілік болатын. Басында «мама» деп айтуға қиналдым. Оның үстіне қайынағама «сіз» деп сөйлеп, сәлем сал деді. Сол кезде қатты ауыр тиді. Қазір күліп еске аламын. Қарап тұрсам, менде менмендік, тәкаппарлық болған екен», – дейді ол. 

Оның айтуынша, ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста бір-бірін түсіну уақытты талап етеді.

«Басында қайын ағамды іштей жек көрдім. «Неге сәлем салмай-ақ қой демейді? Қазір ондай заман емес қой» деп ойлайтынмын. Кейін араласа келе оның адамгершілігі мол, мықты азамат екенін түсіндім. Қазір абысыныммен де жақсы араласамын», – деп бөлісті Қалбаева. 

Мереке Қалбаева бүгінде енесін құрметтеп, ерекше бағалайтынын жеткізді.

«Қазір енемді анамнан кем көрмеймін. Өз анаңдай болады деген өтірік. Келін де қызыңдай болмайды. Екеуінің орны бөлек. Бірақ енемнің адамгершілігін, маған деген қарым-қатынасын шын жүрегіммен жақсы көремін», – дейді ол. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...