«Қобалжып тұрмын»: Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі күтпеген жаңалығын жариялады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
319

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан шығармашылығындағы маңызды жаңалығымен бөлісті. Ол қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың өлеңіне ән жазғанын айтып, бұл туындының өзі үшін ерекше мәні бар екенін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында жаңа әнін жазып шыққанын айтып, ерекше толқып тұрғанын жасырмады.

«Мен қазір толқып тұрмын. Ішімде қобалжу да бар, қуану да бар. Араласып жатыр, эмоцияға толып тұрмын. Жаңа ғана ән жазып келдім. Бұрынғы әндерге ұқсамайтын, өте бір салмағы бар ән», – деді Мөлдір Мұқан.

Оның айтуынша, жаңа туындыға Мұхтар Шахановтың адамды жігерлендіріп, қиындыққа мойымауға үндейтін өлең жолдары арқау болған.

«Кім айтты саған уақытша сәтсіздіктерді бақытсыздық деп?» деген сөздер өнер иесіне ерекше әсер еткен. Мөлдір Мұқан бұл жолдардың өмірдегі қиындықтарды еңсеруге күш беретінін айтты. «Адам болып өмірге келгеннен кейін мұңаю да болады, қуану да болады, сынақ та болады, сәтсіздік те болады. Сол сәтте өмір тоқтап қалды деп қабылдамай, жігерленіп, қанаттанып, одан әрі жұмыс жасап, алға қарай баса беру керек», – деді ол.

Мөлдір Мұқан бұрыннан «Выше голову и вперёд!» деген сөзді өмірлік ұранына айналдырғанын да жасырмады. Сондықтан ақынның жігер беретін өлең жолдарын әнге айналдыруды жөн көрген.

Өнер иесі туындыны жазбас бұрын ақынның отбасымен байланысып, тиісті рұқсат алғанын мәлімдеді.

«Мұны ән қылып шығару керек деп, заңды түрде, ресми түрде рұқсатын алып, администраторына хабарласып, Мұхтар ағаның жұбайына хабарласып, бүкіл әулетінен, отбасынан рұқсатын алып, рақметімді де айтып, жаңа ғана жазып келе жатырмын», – деді Мөлдір Мұқан.

Ол жаңа әннің шығармашылық жолындағы өзгеше қадам болатынына сенімді.

«Мен үшін де бір ерекшелік, өзгешелік. Өзімнің шығармашылығым үшін де бір жаңалық болғалы тұр. Күтіңіздер, достар!» – деп түйіндеді өнер иесі.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқан көпшілікке Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары ретінде де таныс. Бұл жолы ол жеке өміріне емес, шығармашылығындағы жаңа белеске назар аударды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық заңгер Аблай Байтенов FlyArystan әуе компаниясын сотқа беріп, моральдық зиян үшін өтема...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда энергетикалық нысандардың құрылысы кешіккені үшін жауапкершілік күшейтілді. Премьер-мини...