“Меккеге жолдама алып берші”: Дариға Бадықова экс-күйеуі жайлы тың ақпаратпен бөлісті

Фото: sn.kz

Шоу-бизнес
1503

Танымал актриса Дариға Бадықованың экс-жолдасымен қарым-қатынасы қоғамда қызу талқылатып жатыр. Осы орайда актрисаның журналист Жанар Байсемізге берген сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бадықованың айтуынша, бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың табыс таппай, актрисаның өзінен ақша сұрап отырған.

«Жер үйді салған кезде ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейді. Сөйтсе, «Құдайы мен». Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Бірақ мен үйді беріп кеттім.

Мен неге осы уақытқа дейін ол кісінің газын, светін төйлеп отырдым?! Театрда жүреді, бірақ маған рөл бермейді деп отырады. Рөл бермесе кетпейсің бе енді, дедім. Қолындағысын лақтырады, қирата салады. «Таптым-ау сені» киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүріп кеткен, көзіне шөп салып кеткен әйел болсам ол менен көк тиын алмайтын еді. Дүкеннен нан ала сал десең, ақша берсеңші дейді. Нанға ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып «жертва» болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Меккеге миллион теңге бердім. Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді», - дейді актриса Дариға Бадықова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қа...