«Құны – 60 млндық кеш»: Мадина Сәдуақасова белгілі блогердің туған күнін тойлады

коллаж: madeniportal.kz

Шоу-бизнес
3040

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков келіншегінің туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Дариға Нүкееваның туған күніне Қазақстанның әншілері мен блогерлері және Ресейдің танымал әзілкеші Нұрлан Сабыров та болған.

Соның ішінде Мадина Сәдуақосова туған күн кешіне кешігіп барып, статуэтка иеленді. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында құны 60 млн тұратын кешке қатысқанын жазды.

«White Party. Блогерлермен көңіл көтеру қатты ұнап жүр соңғы кезде. Осы кеште статуэткаға ие болдым! Қалай ойлайсыздар, не үшін», - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Сондай-ақ туған күн иесі үшін құны 20 млн теңгенің торты әзірленген. Оның ұзындығы 2 метрге жуықтайды, зәулім сарай сынды тәтті бәліштің қақ ортасында блогердің лақап аты  — «DARICORN» деген жазуды байқауға болады.

 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...