“Сахнадан уақытында кеткен дұрыс”: Роза Рымбаеваның сөзі көпке жақпай қалды

Фото: sn.kz коллажы

Шоу-бизнес
82

«1001 түн» студиясында қонақта болған әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнамен қашан қош айтысатынын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің сөзінше өнер адамы сахнаны уақытында босатып, тыңдарманның есінде әдемі күйінде қалу керек. 

«Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың», - деді әнші. 

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. 

"Өте дұрыс айтасыз", "Әй, бәрекелді, аңыз адам, ақыл апам", "Асылтектілікті білдіріп тұрған жауап, Роза ханым! Ұстанымы бөлек тұлға! Нағыз тектіліктің белгісі. Көп жасаңыз!", "Өзіндік пікірі қалыптасқан тұлға. Өте дұрыс. Жарайсың, Роза, дұрыс айтасың", "Міне, нағыз даналық… Әркімнің өз уақыты бар! Денсаулық сізге, Роза апай", деп бір бөлігі жақтады. 

Ал пікір қалдырушылардың екінші тұсы Рымбаеваның пікірін жақтырмай қалды. Оған себеп, тағы бір өнер иесін меңзеуі мүмкін деген пікірлер. 

"Бибігүл Төлегенованы меңзеп отыр ма?",  "Бибігүл апаны айтып отыр ғой сонда", "Сұраныс болса, Макпал Жүнісова сияқты болу керек. Роза апамның ойымен келісе бермеймін. Роза апам каприздеу ғой… Ооо, Мақпал ол – Мақпал ғой" Алла", деді олар.  

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Президент мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ТУРИЗМ

Алматы қаласында «Алматыбасжоспары» ҒЗИ алаңында еліміздегі ең ірі туристік инфрақұрылым...