“Бипл-ай, бұл әлемдік хитым-ай”: Балғынбек Имаш екі інісіне “рэп” арқылы жауап берді

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
132

Әлеуметтік желіде айтыскер Балғынбек Имаштың видеосы желі қолданушыларын таң қалдыруда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Інілеріне жауап ретінде түсірілген видеоны Тредс желісіне салып: хЕкі брәтшкаға Астанадан осылай сәлем жолдадым. Мықты болсаңдар менің рэпыме жауап беріп көріңдер" - деген жазба қалдырған.

Айтыстағы інілері Жандарбек пен Сырымға күтпеген образда ән айтып видео арқылы жауап берген айтыскер өлеңін былай бастаған: 

“Сендердікі Жансырым, неғылған сөз?

Қызда нең бар, басқаларды сынай бер.

Қатты сынап қайтесің жақсылап қолдасаң

Өнер деген осылай басталат” - деп басталған айтыскердің “рэп” жолдары. 

Ол осы өлеңі арқылы екі інісіне бір-бірімізді қолдауымыз керек, сынап керек емес, бұл дауды тоқтатыңдар дегенді айтқысы келгенін байқауға болады. 

Тредс желісінде бұл күтпеген образдағы айтыскердің видеосы түрлі пікірлер жинауда. “Браво, дауды әдемі аяқтап отырсыз”, “Жарайсың, тек артқа кете бер”, “Міне, ағалық қолдау”, “Мынау сұмдық бұрылыс болды” деген секілді түрлі пікірлер жазылуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ісі бойынша "некеге тұруға мәжбүрлеу" бабы аясынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Рудный қаласында 19 жастағы жігіттің өліміне байланысты екі жасөспірімге іздеу жарияланды, деп хабар...