«Қуыршаққа суретін жасырған»: Танымал отандық әнші жағаұстатарлық жайтты айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
1031

Белгілі қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жаға ұстатарлық жайтты бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әнші өзінің суреттерін қуыршақтың ішінен тауып алып жатқан видеосын жариялады.

"Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін.Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге,қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, (жасырын камера тұрғанын байқамайды ғой)оның үстіне жүрек бәрібір де сезеді. Айтпақшы бұлардың нөкерлері көп жұмсайтын.Өздері жүрмейді.Закладчиктер сияқты адамдары бар.
Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей- ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?", - деді Айгүл Иманбаева.

Сонымен қатар актриса ханым бұған дейін Аман Тасығанға берген сұхбатын дуаланғанын айтып еді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылы 25 қазанда Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту бойынша ауқымды экологиялық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен...