Семейде мектеп оқушысын бір топ жасөспірім соққыға жықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1542

Семейде өзен жағасында балық аулап отырған 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім ұрып кеткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Оқиға 4 шілде күні Ертіс өзенінің бойында болған.  12 жастағы баланы 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер ұрып кеткен. Алдымен олар балық аулап отырған балаға тас лақтырып, содан кейін баланы суға итеруге тырысқан.

 «Ол жүгіріп қашты. Балалар оны қуып жетті. Ол қармақпен ұра бастады. Олар қармақты сындырып, тепкілей бастады. Баланың білегі сынған, жамбасы көгерген», - деді жәбірленушінің әпкесі.

Осы жағдайға байланысты жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл туралы Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Солтабаева айтты.

 

Өңірлік балалар омбудсмені баланың анасымен байланыста екенін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...