«Жүрек езіліп қайттық»: Қайрат Нұртастың отбасында қаралы жағдай

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
136

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы қаралы хабарды бөлісті. Оның айтуынша, енесінің туған бауыры өмірден өткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмды соңғы сапарға шығарып салу үшін отбасымен Түркістанға барғанын жазды.

«Бұл апта біздің отбасымызда осы ақиқаттың екіншісі тағы бір еске салды. Енемнің туған бауыры Жаратушысына қайтты. Түркістанға, туған жеріне барып, Құран бағыштап, соңғы сапарына шығарып салдық. Заман зулап өте шығады екен. Кеше ғана ортамызда жүрген адамға қас-қағым сәтте Алладан әмір келіп, мәңгілік сапарына аттанды», – деп жазды ол.

Актриса жақын адамнан айырылудың ауыр тигенін айтып, марқұмның туыстарына сабыр тіледі.

«Жүрек езіліп, сағыныш пен қимастық қанша қыспаққа алса да, ақиқатқа бас иіп, Алланың әміріне мойынсұнып қайттық. Ағайынға Алла сабыр берсін! Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алдынан жарылқап, иманы жолдас болып, жаны жәннатта болғай!» – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.