Роза Рымбаева Заттыбек Көпбосынұлына қатысты ел күтпеген пікір айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
259

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі әріптесі, әнші Заттыбек Көпбосыновтың шығармашылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Әнші Заттыбектің қазақы дәстүр мен заманауи эстраданы сабақтастырып, ұлттық нақыштағы әндерді көпшілікке насихаттап жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, өнер иесінің орындау мәнерінен халықтық сипат пен дәстүрлі музыканың үні анық байқалады.

«Қазақтың дәстүрін алып келе жатырсыз. Сізден кейін той әндері кеңінен тарады. Заттыбектің шығармашылығында қазақы музыка, қазақы тойдың бояуы бар. Орындауыңызда дәстүр мен халыққа жақындық сезіледі. Қазақы бояуды жоғалтпай әндер жасадыңыз», – деді Роза Рымбаева.

Сонымен қатар халық әртісі әншінің композицияларындағы ұлттық элементтер мен музыкалық өңдеуге тоқталып, қазақы болмысты сақтап жүрген өнер иелерінің еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Өз кезегінде Заттыбек Көпбосынов Роза Рымбаеваға жылы пікірі мен қолдауы үшін алғысын білдірді. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінің балалар алаңында екі әйел арасында жан...