Роза Рымбаеваның өнердегі 50 жылдығына арналған мерейтойлық кеш өтеді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
123

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Астанада мерейтойлық концерт өткізеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Өнердегі 50 жылдығына арналған мерейтойлық кеш 27 мамыр күні елордада өтеді. Өнер иесі жарияланымында тыңдармандарына қысқа ғана үндеу жолдаған.

«Астана! Кездескенше!» – деп жазды ол.

Алдағы концерт туралы жаңалық әншінің жанкүйерлері арасында қызу талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушылары Роза Рымбаева-ның елордада өнер көрсетуін көптен күткендерін айтып, билет алуға дайындалып жатқанын жазды.

«Даусы жылдар өтсе де өзгермейді», «Роза – ұлттың дауысы», «Бұл тарихи концерт болады», «Біздің аңыз», «Билет алып үлгеру керек» деп пікір қалдырды желі қолданушылары. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар қаласында 2-2,5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді жүйелі түрде ұрып-соғып келген тәрбиешіге қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ондаған үйді бұршақ зақымдады. Ырғыз ауданындағы бірнеше ауылда шатырлар тесіліп, т...