«Көп әйел ренжиді»: Алтынай Жорабаева күйеуін ел алдында жер-көкке сыйғызбай мақтады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1771

«Құрмет» орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің қамқорлық жасайтынын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі жолдасының ерекше қасиеттерін айтып, қыз-келіншектерге кеңес берді. Тіпті барлық жағдайын жасап қоятынын жеткізді

«Көлігімнің майын ауыстырып, ішетін суыма дейін дайындап қояды. Әлішердің осындай қамқорлығын көрсеткенде көп әйел маған ренжиді: «Сіз осылай айтасыз, біздің еркектеріміз мұның біреуін де істемейді» деп жазады. Олай ер-азаматтарыңызға ренжімеңіздер! Әдей мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын. Бұл кісінің табиғаты сондай. Бірақ «Бұрынғымен салыстырасың, «қандай болдым» деген сияқты ойлардың болатыны жасырын емес. Кейде өзінен де сұраймын: «Неге осылардың бәрін өзің жасайсың, маған неге жасатқың келмейді» деп. «Мұндай тірліктер менің еркек ретіндегі – міндетім. Менің қалауым. Өзім осындай қамқорлық жасағаннан ләззат аламын. Кім не ойласа да – ол оның ойы» деді. Осындай сөздеріне қуанамын», – деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобуста 4,1 млн теңге ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Тергеу барыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз...