Танымал блогер, психолог Айнұр Тұрсынбаева құдалары жайлы сөз етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL...
Танымал қазақстандық әнші екінші рет ана атанды (ФОТО)
коллаж MadeniPortal.kz
198
Қазақстандық танымал әнші Луина екінші рет ана атанды. Өнер иесі мен оның жұбайы Артемнің отбасында ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қуанышты жаңалықты әнші өзінің Instagram парақшасында жариялап, оқырмандарымен бөлісті. Ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиге Дени есімін берген.
Әлеуметтік желіде әншінің әріптестері, достары мен жанкүйерлері құттықтау сөздерін жазып, сәбиге зор денсаулық, отбасына бақыт тілеп жатыр.
Айта кетейік, Луина мен Артемнің Давид есімді тұңғыш ұлы бар. Ол 2020 жылдың тамыз айында дүниеге келген. Әнші екінші сәбиін күтіп жүргенін биыл мамыр айында көпшілікке хабарлаған болатын. Енді өнер иесі екі ұлдың анасы атанып отыр.