Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітованың «Қазақстандық жас орында...
«Бақытына қарай қадам жасауы тиіс»: Қарақат Әбілдина әсерлі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.
Әнші өмір жайлы толғанысын көпшілікке жария етті.
«Өмірді үлкен теңіз деп алатын болсақ, ұлан-асыр болып жатқан, шегі жоқ бұл теңізде адам атаулы өздеріне сай даярланған кемелерін табуға тиіс. Сол арқылы алдынан қандай кедергі шыққанына қарамастан, тайсалмай теңізді жүзіп өтуі шарт. Ал қиыншылықтардан өте алмаған жандар терең тұңғиыққа батып кете барады. Яғни, бұл дүниеде адам баласы ешқандай кедергіге мойымай, оны бұзып өтіп, еңсесін тік көтеріп, өз бақытына қарай қадам жасауға тиіс. Ең бастысы, өлшенген уақыт аралығында өткеніңе қарап өкінбейтіндей, келешегіңе қарап алаңдамайтындай жағдайда өмір сүру маңызды деп ойлаймын», - деді әнші Қарақат Әбілдина.