Атышулы Айжан Байзақова оқырмандарымен сырласып, отбасылық сұрақтарға жауап берді, деп жазады madeni...
«Соңғы жүздесуіміз екенін қайдан білейік…»: Танымал қазақстандық журналист қаралы хабар айтты
Ашық дереккөз
Журналист Гүлназ Әлімгерей жақын құдағиының қазасына байланысты көңіл айтып, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Бақыт есімді құдағиының өмірден өткеніне сену қиын екенін жазды.
Журналистің айтуынша, Бақыт апа қысқа уақыт ішінде өзіне және жұбайы Нұрділдәға туғанындай жақын болып, ақкөңіл мінезі мен аналық мейірімін таныта білген жан болған.
«Амангелді құдамен төрт ұл тәрбиелеп, келін түсіріп, немере, шөбере көрген бақытты әжеге 69 жас ғұмырын өлшеп берген екен Алла. Келесі жылы алтын тойлары еді...» – деп жазды ол.
Гүлназ Әлімгерей жазбасында жазда Баянауылға барған сапарында Бақыт апаның қонақ етіп, ерекше құрмет көрсеткенін еске алды. Сол кездесуде құдағиы өз қолымен екі жастық тігіп, оған сыйға тартқан екен. Содан бері журналист бұл жастықтарды көлігінде сақтап, сапарларға бірге алып жүрген.
«Енді осы екі жастық үлкен құдағиымыздан қалған ең қымбат естеліктің біріне айналды. Қолының табы, жүрегінің жылуы қалған аманаттай… Бақұл болыңыз, жақсы адамым! Алла алдыңыздан жарылқасын», – деп жазды журналист.
Сондай-ақ ол марқұмның отбасына, жақындарына және барша Баянауыл жұртына көңіл айтты.