«Екеуіміз де уланып қалдық»: Жігер Ауыпбаев жағдайын айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
136

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жарының денсаулығына алаңдап, әсерлі жазба жариялады. Өнер иесінің сөзінше, ерлі-зайыптылар тамақтан уланып қалғанына қарамастан, Өскеменге ұшып бара жатқан, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әнші бұған дейін өзі ауырған кезде жары жанынан табылып, барынша күтім жасағанын еске алды. Ал бұл жолы сүйіктісінің қиналғанын көргенде не істерін білмей абдырап қалғанын жасырмады.

«Мен ауырғанда қу жаны қалмай шырылдап жүріп, емдеп алушы еді... Енді екеуіміз де уланып қалып, тып-тыныш Өскеменге ұшып бара жатырмыз. Алтыным сол, мен-ақ ауыра берейін. Сен ауырмашы. Сенің қиналғаныңды көріп, не істерімді білмей абдырап қалып жатырмын», – деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Өнер иесі жарының үнемі күліп, жадырап жүргенін қалайтынын айтып, оған саулық тіледі.

«Сен тек күліп, жадырап, жайнап жүрші. Сенің күліп жүргенің мен үшін мереке екен. Алла шипа берсін, алтыным. Амандық, денсаулық тілеймін», – деп жазды әнші.

Жігер Ауыпбаевтың бұл жазбасы оның жарына деген қамқорлығы мен алаңдаушылығын білдірді.

Шоу-бизнес

Танымал блогер әрі актриса Сая Оразғалиева «Мамский әңгіме» подкастының қонағы болып, же...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кассациялық сот бұған дейін автокөлікті заңсыз иемденді деген айыппен бес жылға бас бостандығынан ай...