«Қанша жылдан бері үй жалдап келген»: Танымал кәсіпкер мобилографына су жаңа пәтер сыйлады

коллаж: madeniportal.kz

Шоу-бизнес
1371

Астаналық кәсіпкер, флиппер Ерғали Айзаттың отбасы жеке мобилографына пәтер сыйға тартты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Әлеуметтік желіде белгілі флиппер Ерғали Айзат пен Ернат жеке мобилографына Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлады. Сыйды тарту ету үшін кішігірім пранк жасап, Төле есімді жігітті қатты қуантқан.

«Біздің баға жетпес қызметкерімізге BI groupтан пәтер сыйладық. Ернат екеуміз бұны баяғыдан жоспарлап жүргенбіз. Бүгінге бұйырып тұр екен.  Кішігірім пранк жасадық. 4 жыл бізге жасаған адал қызметінің арқасында Алланың қалауымен, осындай сыйлық жасауды шештік», - деді кәсіпкер Ерғали Айзат.

Ерғали Айзаттың сөзінше, Төле есімді қызметкері қанша жылдан бері Астанада отбасымен пәтер жалдап келіпті.

«Жеке көмекшім мобилограф Төле биге жаңа пәтерін көрсетіп, тағы бір қуанып алдық. Пәтерді бірден жан жары Толғанайға жазып, ресми түрде құжатын алды. Қазақ еліне +1 отбасы баспаналы болды. Бұл тек еңбектің жемісі. Мақтау мен мадақ тек Аллаға тән. Біз тек себепкерміз», - деді Айзат желідегі парақшасында.

Ерғали Айзат – Астана қаласындағы белгілі кәсіпкер әрі флипперлердің бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...