Тойдың қызығы әлі бітпеген: Динара Сәтжан анасымен бірге қазы айналдырғанын көрсетті (ВИДЕО)

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
147

Жақында дүркіретіп той жасаған белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан отбасындағы тағы бір қуанышты жиынға дайындық барысын көрсетті. Ол әлеуметтік желіде анасымен және туған-туыстарымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеп жатқан видеосын жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Кадрлардан Динара Сәтжанның анасы Ақмарал, тәтесі және құдағиымен бірге қазы дайындап, ішекке ет салып жатқанын көруге болады. Тележүргізушінің айтуынша, алдағы тойға арнап қазы, қарта, шұжық пен жая әзірленген.

Сондай-ақ Динара 89 жастағы атасы шөбересі Даниял үшін арнайы Жаңаарқаның бестісін дайындағанын айтты.

«Бұл мерекелік дастархандағы жай ғана ет емес. Бұл – біздің мәдениетіміз. Біздің дәстүріміз», – деп жазды Динара Сәтжан.

Тележүргізушінің сөзінше, бір күнде отбасы 35 қазы дайындаған. Оның бір бөлігін тойға келе алмайтын жақындары мен қонақтарына арнайы сақтап қоймақ.

«Қазақта “тойдың болғанынан боладысы қызық” дейді. Тойға дайындық әрдайым қызығырақ екені рас», – деп жазды ол.

Динара Сәтжан отбасымен бірге жасаған бұл дайындықты ұлттық дәстүр мен ұрпақ сабақтастығының бір көрінісі ретінде сипаттады.

@dinara_satzhan

Наш 89-летний Ата @satzhanovkhamzeke специально для своего правнука Даниала готовил жанааркинский бесті 🐴 Сегодня мы вместе с Мамой @akmaral_st моей тётей @alma_abdisheva и Жанарой құдағи готовили к предстоящему тою наши традиционные угощения - казы, карта, шужук и жая. Это не просто мясо на праздничном дастархане. Это наша культура. Наши традиции. Лошади пасутся на чистой степной траве и пьют проточную воду, поэтому конина всегда была особенной частью нашего дастархана. А уж Жанаарка - это отдельная история🙌 В этом году на фестивале @baiqymyz.kz именно жанааркинцы заняли первое место. И я в очередной раз убедилась, какая у нас настоящая степь, полная силы, вкуса и жизни. В итоге сегодня получилось 35 казы! Часть обязательно оставим для наших любимых гостей, которые не смогут быть с нами на тое. Они будут праздновать вместе с нами чуть позже. Казахи говорят, тойдың болғанынан боладысы қызық, подготовка к свадьбе всегда интереснее и это точно!

♬ оригинальный звук - Динара Сатжан

PESTEL

Өзбекстанның Ферғана қаласында көпқабатты үйдің жертөлесіне бассейн орнатып, акула өсірген тұрғын ан...

Шоу-бизнес

Жыл сайын өткізілетін сұлулық байқауына кастинг басталғанын Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақ...