«Ақиісімізді ұзаттық»: Роза Рымбаеваның шаңырағында үлкен қуаныш

Фото: sn.kz коллажы

Шоу-бизнес
965

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева жаңа құдаларымен танысты. Өнер иесінің келіні Ақерке Бүркітбайдың сіңілі ұзатылып, отбасында дүбірлі той өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ақерке Бүркітбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.  

«Ақиісімізді ұзаттық. Тойымызға арнайы келіп, қуанышымызды бөліскен, барша қонақтарымызға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз! Тойдың басынан аяғына дейін бірге болып, ақ тілектеріңізді айтып, атсалысып, тойымыздың көркін қыздырып, көтеріп кеткендеріңізге мың алғыс!»,– деп жазды ол.

Айта кетейік, ұзату тойға Роза Рымбаева да қатысып, құдаларының қуанышына ортақтасты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....