“Тұрсынбек деген кісіні танымаймын”: Мөлдір Мұқанова экс-жұбайы туралы сұраққа жауап беруден бас тартты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
127

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан өзінің жаңалықтарымен бөлісіп, бұрынғы күйеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Журналистердің әзілкеш туралы сауалына Мөлдір Мұқанова «Мен ондай кісіні танымаймын» деп жауап берген.

"Не жаңалық айтайын мен? Жаңалықтың бәрін әлеуметтік желі шығарып беріп жатыр емес пе. Сол жаңа әндер жазып жатырмын. Негізі кино түсіргім келеді, жақсы сценарий іздеп жүрмін, идея бар бірақ кіріскен жоқпын. Екінші қызым өнерге бет бұрды. Айымға продюсермін. Қолдауға дайынмын. Ал Тұрсынбек деген кісіні танымаймын. Маған ол тақырып мүлде қызық емес. Ешкімге ештеңе дәледегім келмейді. Ән айту өзімнің арманым, гештальт десем де болады. Әндерім хит, өзім жұлдыз болайын демеймін, жай жан қалауыммен айтамын. Тұрсынбек туралы бір рет сұхбатымда айттым, сол жетті деп ойлаймын. Енді ол туралы айтқым келмейді. Өтірік бәрі жақсы деп айтудан шаршап бәрі тоятындай сұхбат бергенмін", деді Мөлдір Мұқан.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда автобус жүргізушісінің қарт жолаушыға жасаған әрекеті жұрттың наразылығын тудырды. Куәге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының қарқынды дамуы мен жас тұрғындардың сұранысы заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға жаңа м...