Танымал тұлғалар мен блогерлер Талғарда болған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ойларымен бөлісе баст...
Қостанай облысында колледж директоры қызметінен босатылып, 45 студент оқудан шығарылды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
14
Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы агротехникалық колледжде бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Прокуратура жүргізген тексеріс барысында колледжде ресми тіркелген 45 студенттің сабаққа мүлде қатыспағаны белгілі болды. Салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.
Сонымен қатар 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайынан елеулі кемшіліктер анықталған.
Тексеріс қорытындысы бойынша сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылып, жеті оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал оқу орнының директоры қызметінен босатылды.