Алматы қалалық ортаны дамыту мүмкіндіктерімен шетелдік мамандардың назарын аударып отыр – сарапшы

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
26

Алматының қарқынды дамуы мен жас тұрғындардың сұранысы заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашуда. Мұндай пікірді SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық сәулет және қала құрылысы форумында LDA Design халықаралық жобалау компаниясының директоры Бенджамин Уокер білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Маманның айтуынша, қала түрлі сын-қатерге тап болғанымен, сонымен қатар тың шешімдер табуда. Бұл сәулетшілер мен жобалаушыларға тұрғындардың қажеттілігі мен өзгеріп жатқан өмір салтына сай қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік береді.

«Алматының дамуы өте қызықты. Менің ойымша, қала көптеген мәселеге тап болғанымен, оларды шешудің шынымен таңғаларлық жолдарын табуда», – деді Бенджамин Уокер.

Ол қалалық ортаны жоспарлау кезінде қаладан барынша жайлылық пен алуан түрлі мүмкіндіктер күтетін жас ұрпақтың мүддесін ескеру қажет екенін атап өтті. Сарапшының пікірінше, мұндай тәсіл қарқынды дамып келе жатқан мегаполистер үшін ерекше маңызға ие.

Сондай-ақ маман Қазақстанның туристік әлеуетіне назар аударды. Оның айтуынша, саяхатшылар жаңа бағыттарды іздеуге, ерекше әсер алуға және өзге мәдениеттермен танысуға барған сайын көбірек қызығушылық танытуда.

Бенджамин Уокердің пікірінше, қалалық ортаны дамыту және елдің туристік әлеуетін ашу Алматының жергілікті тұрғындар үшін де, шетелдік қонақтар үшін де тартымдылығын арттыра алады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда жүк көлігіне тиелген 40-қа жуық жылқы жол үстінде өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы агротехникалық колледжде бірқатар заң бұзушылық анықталды,...