«Ұлым үшін виза алдым»: Мадина Сәдуақасова АҚШ-қа көше ме?

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1964

Танымал әнші Мадина Садуқасова АҚШ-қа виза жасатқанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Әншінің сөзінше, алдағы онжылдықта ол отбасымен АҚШ-қа баруды жоспарлап жүр екен. Ол ой ұлының баскетболмен кәсіби түрде айналысуы себеп болыпты.

«Менің көшпейтінім анық. Тек қыдыруға, турист ретінде шетелге шығамыз. Көшіп кету ешқашан ойда болмаған, болмайды да. Себебі мен өзімді нағыз патриотпын деп есептеймін. Ал ұлым болса қатты баскетболға құмар. Сондықтан оның бір арманы АҚШ-тағы баскетбол ойынына қатысу. Жалпы баскетболды сол жақта көру, себебі оның отаны сол – АҚШ. Мен виза алмас едім, тек ұлым алдым. Жолдасым да режиссер, бәріміз бір көріп қайтқымыз келеді. Мен өзім Техаста болғанмын. Тіпті, сол жақтың «құрметті азаматы» деген атағым бар», - деді Мадина Садуақасова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...