«Көкіректерін аспанға тіреп қояды»: Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллинді сынады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1169

Отандық эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова Adal Adam Youtube жобасына берген сұхбатында сахнадағы әріптесі Нұрболат Абдуллинге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Керімекова Абдуллиннің өнерін жоққа шығармаса да, оның бойынан менмендігі байқалатынын алға тартты.

Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Өзінше бір үні бар. Сый-құрмет жағына келсек, қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мен ғана мұндай көзқараста емеспін. Өзі де көрсе, түсінер. Бізде қазір жарқырап шықса, көкіректерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып, амандаспай кететін әншілеріміз бар. Оларды сыйламаймын. Нұрболатты сол қатарға қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. «Мына көкірегіңді түсірмесең, біздің жасымызға сен де келесің, артыңнан сенен мықтылар да шығады, адам қарапайым болуы керек» дедім. Басқа-басқа, алдыңғы буын – бізге көрсетуі ұят қой, - деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желі қолданушылар шулатып қойды, деп хабарлады Мadeniport...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының әкімі жайлы жайсыз ақпарат желіні шулатты. Өңірдегі мәслихаттың экс-депутат Ынта...